Астанада Кәрім Мәсімовтің соты басталды

19.11.2022 01:31

Биыл 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы лауазымынан босатылды

ашық дереккөз

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.   

Биыл 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы лауазымынан босатылғанын еске салайық.

Сол күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша К. Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ 6 қаңтар күні қылмысты жасады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат