Шымкентте жол патрульдік полицейін пышақтап кетті

03.09.2024 01:37

Күдіктінің не үшін қылмас жасағаны белгісіз

elements.envato.com

Шымкентте жол патрульдік полицейін жұмыс үстінде пышақтап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға кеше тапа-тал түсте, Қонаев даңғылында болған. Кейіннен анықталғандай, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жолда тұрған тәртіп сақшысына тұтқиылдан ер адам шабуыл жасаған. Бейнежазбадан қызметкердің сол мезетте құлап, ал күдіктінің қашып кеткені көрінеді. Қазір полицейге ота жасалыпты, азамат хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Ал күдіктінің не үшін қылмас жасағаны белгісіз.

– 1 қыркүйекте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция полк қызметкерінің жотасына бейтаныс азамат пышақ жарақатын салған. Қабылданған шаралар нәтижесінде ізін суытпай, азамат құрықталып, қамауға алынды, – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда көлік апатынан бір адам көз жұмды