Тиісті сараптама жүргізіліп жатыр
Алматыда із-түссіз кеткен 30 жастағы ер адамның сүйегі Өскемен қаласының маңындағы орманнан табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол бір жыл бұрын Райымбек даңғылындағы жұмысынан шығып, содан үшті-күйлі жоғалып кеткен еді. Қазір жергілікті полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты іс жүргізіп жатыр.
"Биыл 19 шілдеде аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Тиісті сараптама жүргізілуде", - деді облыстық ПД бөлім басшысының міндетін атқарушы Татьяна Карпова.