Жылай береді: Жетісу облысында 6 жасар бала қарындасын пышақтап тастады

11.01.2023 01:40

Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды

Иллюстративное фото 1061evansville.com

Жетісу облысындағы Жаркент қаласында 6 жасар бала қарындасын пышақтап тастады, деп хабарлады Almaty.tv.

Оқиға 10 қаңтарда болған. 6 жасар бала өзінің 3 айлық қарындасын үш жерден пышақтап тастаған. Алған жарақатынан нәресте көз жұмды.

Қыз төрт ұлдан кейінгі отбасының көптен күткен баласы болған. Үлкен екі ұл студент. Анасы үшінші ұлын мектепке алып кетіп, үш айлық нәресте мен 6 жастағы төртінші ұлын үйге тастап кеткен. "Неге бұлай істедің?" деген сұраққа 6 жастағы бала "ол жылап мазамды алды" деп жауап берген. Баланың ешбір психикалық ауытқуы жоқ, бірінші сыныптың оқушысы.

"Жаркент қаласында жаңа туған балаға пышақ жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес жария етілмейді", - деп мәлімдеді Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Дереккөз: Sputnik.kz