|
09.12.2022 | 20:52
1015

Туған қызын зорлаған Ақмола тұрғыны 16 жылға сотталды

Үш айдан кейін, қараша айында қыз анасына оқиға туралы айтқан

Туған қызын зорлаған Ақмола тұрғыны 16 жылға сотталды sud.gov.kz

17 жастағы туған қызын бірнеше рет зорлаған Ақмола тұрғыны 16 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туған қызын бірнеше рет зорлады деп айыпталған Көкшетаудың 43 жастағы тұрғынына қатысты үкім шығарды. Қылмыс жасаған кезде қыз 17 жаста еді.

Алғаш рет әкесі жасөспірімді 2020 жылдың тамызында қорлаған: туыстарынан қайтып келе жатып, ер адам көліктің салонында өзінің арам ойын іске асырған. Қорыққан қыз бұл оқиға туралы анасына айтпаған. Ұялған. Ал жазасыз қалған әкесі кейіннен өзінің сұмдық әрекеттерін тағы екі рет қайталаған.

Үш айдан кейін, қараша айында қыз анасына оқиға туралы айтқан, ал ол полицияға хабарлаған. Тергеушілер дереу ҚР ҚК-нің 120-бабы 3-бөлігі (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі іс қозғады.

Тергеу аясында құқық қорғау органдары жәбірленуші мен күдіктінің айғақтарын мұқият зерттеп, тексерді. Сот-медициналық және сот-психологиялық-психиатриялық сараптамалар жүргізді, оқиға орнында қыздың айғақтарын тексеру және нақтылау жүргізілді. Бұл ретте сот отырысы барысында сотталушы өз кінәсін жартылай мойындады, алайда тергеушілер жинаған дәлелдемелер оның сұмдық қылмыс жасағанын толық дәлелдеді.

Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларды сот қарастырған жоқ.

Соттың үкімімен ақмолалыққа 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Өмір бойы педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Сондай-ақ қыздың пайдасына 3 млн теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта ер адам бас бостандығынан айыру орынында жазасын өтеп жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир