Бүгінде қаладағы жағдай тұрақтанған
Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде қалада қанша адамның қаза тапқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Барлығы 149 азамат, оның ішінде 11 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты», – деді Қанат Таймерденов.
Ол сондай-ақ 6 қаңтардан бүгінге дейін арнайы органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер бірлесіп, қаланы тазарту бойынша антитеррорлық операция жүргізіп жатқанын атап өтті.
«Қазіргі таңда қылмыскерлерден қаруларды тәркілеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда арнайы операция барысында 127 қару, әртүрлі калибрлі 2800 патрон, сондай-ақ басқа да оқ-дәрілер мен арнайы техника, тонау кезінде ұрланған ірі көлемдегі мүлік тәркіленді», – деді ол.
Бүгінде қаладағы жағдай тұрақтанған.
«Коммуналдық нысандар мен қала тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысы қалпына келтіріліп жатыр», – деп сөзін түйіндеді Таймерденов.
Редакторы: Мира Байбек