Қаңтар оқиғасы: Мұрат Бектановты қамау мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылды

31.05.2022 02:17

Ол 19 қаңтарда қызметінен босатылған

Almaty.tv

Қанды қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамау мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

19 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектановты «қаңтар оқиғалары кезінде командирлік қабілетін көрсете алмады» деп қызметінен босатқанын еске салайық. Кейін Бас прокуратура бұрынғы қорғаныс министрінің үстінен қылмыстық іс қозғады.

Тергеу изоляторына қамалған күдікті қаңтардың 4-і үйде болған. Интернет бұғатталмай тұрған уақытта ол әлеуметтік желі арқылы белгісіз топқа қосылып кетеді. Ондағы үгіт-насихатқа толы бейнероликтерді көріп, 30 жастағы азамат Республика алаңына беттеген.

«Әкімшілік алдына адамдар жиналды. Абай даңғылы бойымен Желтоқсан көшесі арқылы көтерілді. Халық, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады. Мен де ішінде жүрдім. Көптің арасында жүріп, таяқ алып мен де полицейлерді ұрдым», – деді күдікті.

Күдіктінің айтуынша, сол сәтте қалың көпшілік арасында кімнің ақ, кімнің қара екенін ажырату қиынға түсіпті. Шеруге шыққандар арасында қару ұстап, топты бағыттап отырғандар да болған дейді. Сондайлардың кесірінен бүгінде «жазықсыз» адамдар да күдіктіге айналып отыр.  Ал заңгердің айтуынша, түрлі қылмысқа қатысы болмаса, міндетті түрде ақталып шығады.

«Әрқайсының бір-бір қорғаушысы бар. Егер оған төлейтін ақшасы болмаса, мемлекет тегін қорғаушы береді. Солар арқылы (күдіктінің туыстары) бүкіл ақпаратты біліп отыр. Бұл іс Президенттің жеке қадағалауында. Парламенттің қадағалауында. Сондықтан, менің жеке ойым, бұл іс бойынша объективті шешім шығарады деп ойлаймын», – деді заңгер Ғабит Өмірбеков.

Ал саясаттанушылардың сөзінше, бұл «мемлекеттік төңкерісті» жоспарлап, қалың топты өз жоспарына пайдалаған үшінші жақтың әрекеті болуы мүмкін. Мұны әкімдік ғимаратына, полиция департаментіне ұйымдастырылған шабуылдардан-ақ аңғардық деседі.

«Жүз жерден демократиялық мемлекет болсын, заңбұзушылық болса өте қатқыл жауап беріледі. Полицияға қол көтерудің өзі қылмыс саналады. Вандализм, қоқан-лоқы көрсету, ғимаратты немесе бизнес ошақты тонау, өртеп жіберу – қылмыс. Оған қатысты қатаң шара қабылданады», – деді саясаттанушы Расул Жұмалы.

Қаңтар оқиғасында тіркелген түрлі қылмысқа қатысы бар деп күдікке алынғандар, дәл осы, ЛА-155/18 мекемесіне жеткізілді. Бірақ қазір олардың барлығы қамауда отырған жоқ. Кейбірі үйқамаққа жіберілсе, енді бірі темір тордың ар жағында сот шешімін күтіп отыр.

Оразай Нұртай, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы