Таразда 50 млн теңгені жымқырған шенеунік сотталды

10.03.2021 03:32

Жалған актіге қол қойған

Фото: еgemen.kz

Таразда 50 млн теңгені жымқырған шенеунік сотталды. Қазынадан бөлінген қаражатты қалтасына басып, қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланған әкімдік қызметкері білдей бір басқарма басшысының орынбасары болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол Мойынқұм және Қордай ауданындағы кейбір нысандардың жұмысы бітпегеніне қарамастан, оларды қабылдап алып, жалған актіге қол қойған. Енді бюджеттің ақшасын жымқырған ақжағалы өмір бойына мемлекттік қызметте жұмыс істей алмайды.

«3 наурызда Тараз қалалық №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Ширшинбаев 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, – деді Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Жаннұр Тасқұлов.