Қазір іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр
Қазақстандық «Mad Men» тобының мүшелеріне ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деген айып тағылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құзырлы органдардың мәліметінше есірткі желісі 1 ай бұрын жойылды. Қылмыстық топтың құрамында 21 жастан 30 жасқа дейінгі 10 адам болған. Оның екеуі «Mad Men» тобының мүшесі. Олар бір жыл бойы Ресейден әкелінген компоненттерден синтетикалық есірткі заттарын өндіріп, сатумен айналысқан. Күдіктілерге Қылмыстық кодекстің ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету дерегі бойынша айып тағылып отыр. Олар сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.