Бірнеше минут ішінде олар 120 мың теңгені қолды қылған
Түркістан облысында жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасағандар қолға түсті. Беттерін тұмшалап алған күдіктілер Шардара ауданындағы бекетке жеңіл көлікпен тоқтап, қаруланып, кассаға баса көктеп кірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бірнеше минут ішінде олар сондағыларды қорқытып, 120 мың теңгені қолды қылған. Оңай ақшаға қарық болған үшеуі, көлікте күткен сыбайласымен бірге бой тасалап үлгеріпті. Алайда Шардара мен Жетісай ауданының полицейлері олардың ізіне түсіп, нәтижесінде екеуін қолға түсірген.
«Бұл жайт бойынша 2 күдікті ұсталып, қазіргі таңда қамауға алынды. Ал қалған екеуі іздестірілуде. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы «қарақшылық шабуыл» деректері бойынша тергеп тексеру амалдары жүргізілуде», - дейді ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.