Елімізде өткен аптада мал ұрлығына қатысты 224 іс ашылған

02.03.2021 04:28

Қарақшылыққа қатысы бар 192 адам ұсталып, 610 бас иесіне қайтарылған

Елімізде өткен аптада мал ұрлығына қатысты 224 іс ашылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қарақшылыққа қатысы бар 192 адам ұсталып, 610 бас иесіне қайтарылған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің бастығы хабарлады. Оның айтуынша, 3 мыңға жуық автокөлік тексеріліп, малдың ет өнімдерін тиісті құжаттарсыз тасымалдауға байланысты 412 заң бұзушылық та анықталған.

«20 жылдың аяғында 1,5 мыңнан астам мал ұрлаушылар ұсталды. Ұрланған 14 мың бастың 6 мыңы қайтарылған. Ал, жыл басынан бері 100-ге жуық мал ұрлаушылар мен 19 белсенді топ ұсталды. Жамбыл облысында 30 бас жылқы, Қарағанды облысында 50-ден астам жылқы қолды болған», – деді ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев7