Астанада қарақшылық шабуыл жасаған ресейлік Испанияда ұсталды

24.09.2024 09:26

Ол 196 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденді деп күдікке ілінді

elements.envato.com

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша Аргентина аумағында Андрей Хазбулатов ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақшаны заңсыз иемденгені үшін іздеуде жүрген күдікті Аргентинада болғаны анықталды. Сондықтан осы елдің аумағында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Андрей Хазбулатов ұсталды, - делінген ҚР ІІМ мәліметінде.

Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін елорданың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі былтыр жазда халықаралық іздеуге жариялаған болатын.

Ол 196 млн теңгеден астам қаражатты заңсыз иемденді деп күдікке ілінді.

Андрей Хазбулатов – философия докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі мәдени саясаты тұжырымдамасы мен «Кинематография туралы» заңы авторларының бірі.

Оқи отырыңыз: Қостанайдағы автопаркте автобустар өртенді