Оқиға 20 қыркүйекте күндіз болған
Әлеуметтік желіде Бейнеу ауданында жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалғаны туралы хабарлама жазылған видео пайда болды. Маңғыстау облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Видео авторы ер адамның жедел жәрдем көлігінің бүйір терезесін сындырғанын айтады.
Белгілі болғандай, оқиға 20 қыркүйекте күндіз болған.
Облыстық полиция департаменті билік өкілін қорқыту немесе зорлық-зомбылық көрсету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Құқық бұзушының мас күйінде полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткені анықталды. Тәртіп сақшысына медициналық көмек көрсетілді. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта қажетті кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам уақытша ұстау изоляторына жеткізілді», - деп хабарлады ведомстводан.
Облыстық жедел жәрдем және шұғыл медициналық жәрдем стансасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сағат 14:52-де 40 жастағы әйелден қоңырау түскен. Әйел басынан танысының стақанмен ұрғанын, сол сәтте өзінің қансырап жатқанын хабарлаған.
«Оқиға орнына медициналық топ жіберілді. Арыздан соң мамандар оқиғаның мән-жайын «102»-ге хабарлады. Жәбірленушінің танысы жедел жәрдем келген бойда арнайы көліктің терезесін сындырып, қызметкерлерге шабуыл жасаған. Сонымен қатар ол артыгша жеткен полицейдің денесіне зақым келтірді. Полиция қызметкері аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Бұзақы жергілікті полиция бөліміне жеткізілді»,- делінген хабарламада.
Жедел жәрдем шақырған 40 жастағы әйелдің денесінен ешқандай жарақат табылмады.
Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен жоқ.
Оқи отырыңыз: СҚО-да жүкті әйел қарияны көлігімен басып өлтірді