|
11.02.2019 | 12:28
4809

Танымал голливудтық актриса Данэлия Төлешованың әнінен кейін көзіне жас алды (видео)

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова өнер көрсеткен бөлім CBS телеарнасында 14 ақпанда шығады

The World's Best америкалық таланттар шоуында Данэлия Төлешованың қандай ән шырқағаны белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әнші қыз өзі өнер көрсететін бөлімнің аңдатпасын жариялады. Ол CBS телеарнасында 14 ақпанда Астана уақыты бойынша таңғы сағат 10:00-де шығады. Данэлия Төлешова Rise up әнін орындайды. Бұл әнді ол «Голос. Дiти» украиналық байқауының жартылай финалында шырқаған болатын.

«Сенің әніңнен көзіме жас алдым», — дейді The World's Best қазылар алқасының мүшесі, танымал америкалық актриса Дрю Бэрримор.

Төлешова өнер көрсеткеннен кейін Twitter әлеуметтік желісінде оған дауыс беруге болады.

Данэлия Төлешова – «Голос. Дiти» украиналық байқауының төртінші маусымының жеңімпазы. Былтыр ол Қазақстан атынан «Балалар Евровидениесіне» қатысып, алтыншы орын алған еді.

Сондай-ақ америкалық шоуда Димаш Құдайберген де бағын сынап жатыр. Ол SOS d'un terrien әнін орындап, 100 балдың 98-ін жинады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир