Алматыда «Ньургун Боотур» ұлттық операсы сахналанды

Almaty.tv
Almaty.tv
Шаһарда Саха Республикасы күндерінің жабылу салтанаты өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында Саха Республикасы күндерінің жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сахнада Якут елінің  «Ньургун Боотур» ұлттық операсы көрсетілді. Спектакль дәстүрлі халық мәдениеті мен заманауи опера өнерінің байланысы негізінде қойылды. Ерекше композицияға құрылған қойылым көрерменнің ықыласына да бөленді.

– Халқымыз мифологиясында әлемді жоғарғы, орта және төменгі дүние деп үшке бөледі. Бұл опера көне эпос негізінде құрылған. Қойылымда жоғарғы дүние қаһарманының зұлым күштерімен күресі баяндалады, – деді «Ньургун боотур» ұлттық операсының қойылым режиссері Андрей Борисов.  

– Көрермен ретінде маған өте ұнады. Заманауи емес, тарихи қойылымға адам қызығады. Киген кимі, оқыған өлеңі, аспаптары адамның қызығушылығын арттырады, – деді қала тұрғыны Сара Саипова.

Айта кетейік, мәдени іс-шара аясында Ықылас атындағы халық аспаптар музейінде «Ғасырлар үні» көрмесі ашылды. Келушілер көрмеден саха шеберлерінің қолынан шыққан ұлттық аспаптарды тамашалай алады. Аталмыш бастама екі ел арасындағы достастықты нығайтпақ.

– Саха Республикасының күндері Қытайта өткен. Ал үлкен топпен айтулы күнді алғаш атап өттік. Елімізден мерекені айшықтау үшін 300-ден астам өкіл келіп отыр. Түбі бір түркі халықтары болғандықтан, екі елдің салт-дәстүрі де ұқсас келеді. Музыкалық аспаптарымыз, тіліміз өте ұқсас. Қымыз сусыны да бізді байланыстырады, – деді Саха республикасының Мәдениет және рухани даму министрі Афанасий Ноев.

Оқи отырыңыз: Халықаралық кітап күні: Алматыда кітап кофеханасы ашылды

Новости партнеров