|
28.01.2020 | 17:06
12223

Қазақ хандығы – Алтын Орданың мұрагері

Алтын Орданы құрып, оның рухани негізін салған – Жошы хан

«Ұлы ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейді. Ата-бабалардың аманатына адал болу – бізге сын. Сондықтан біз Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет. Бұл жұмыстар Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында басталуы қажет.»

                                                                                         Қасым-Жомарт Тоқаев,

ҚР Президенті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ғалым, тарих ғылымының докторы Талас Омарбеков Алтын Орданың тарихы мен Еуразия кеңістігіндегі атқарған рөлі туралы біздің телеарнаға берген сұхбаты.

-     - Талас аға, Алтын Орданың тарихына терең тоқталсақ.

-    - Зерттеушілердің арасында әртүрлі көзқарастар бар. Негізінен, бұл көзқарастар екі бағытта өрбиді. Еуропаның ғалымдары, оның ішінде орыс тарихшылары да бар. Олардың пайымдауынша, Ақтуба деген өзен бар. Ол өзен Еділ өзеніне құяды. Сол өзенге құятын жерінде, Астрахань қаласына жақын жерде Бату хан Жошының ұлы сонда сарай тұрғызған. Ол сарайдың Еуропа зерттеушілердің, айтуынша, мұнаралары алтыннан апталған дейді. Дөңгелек күмбез тәріздес шіркеу мешіттердің күмбезі сияқты жарқыратып, алтындатып қойған. Алыстан келе жатқанда тегіс жерде орналасқандықтан Ақтуба өзенінің Еділге құйылысында күмбездері жалт-жұлт етіп, көзге шағылысып тұрады екен. Жолаушылар мен жүргіншілердің бәрі өткен кезде «Алтын Орда осы деп» жұрт атап кеткен.

-Қазақ хандығы мен Алтын Орданың өзара байланысы қандай?

– Қазақ хандығы дегеніміз Алтын Орданың жалғасы. Алтын Орданың шығыс бөлігі Ақ орда деп аталды. Бірақ Ақ орданың тағында отырған Ұрыс хан Жәнібек пен Керейдің тікелей атасы. Ұрыс хан Ақ ордамен қатар Алтын орданың тағына да отырған. Ол Алтын орда мен Ақ орданың ханы.

  Жәнібек пен Керей қазақтың алғашқы хандары. Жәнібек пен Керей кімнің жолын, кімнің идеясын жүзеге асырды? Ұрыс ханының идеясын жалғастырды.

 Алтын Орданы құрған оның рухани негізін салған, саяси негізін салған, географиялық аумағын белгілеген тұлға бар. Ол тұлға Жошы. Қабірі қазақ жерінің кіндігінде жатыр. Алтын Орданың тарихын қай жағынан келіп, баяндасақ та, этникалық, географиялық және  этногеографиялық тұрғыдан болсын Алтын Орданың тарихын қазақ хандығынан бөліп қарамау керек. Алтын Орда дәуірінің жазылған еңбектері бізде аз. Біз Алтын Орданы бөлек айтамыз да, Жошы ұлыссын бөлек айтамыз. Екеуі бір мемлекет.

-Алтын Орда қай ханнан бастау алады?

- Алтын Орданы көтерген Берке хан. Берке хан алғаш рет исламды өзі қабылдап, Мысырдағы Бейбарыс сұлтанмен байланыс орнатты.

  Алтын Орданы қазақ мемлекеті ретінде мойындау керек. Қазақ мемлекетінің бастауы. Қазақ хандығы – Алтын Орданың мұрагері. Алтын Орда құлағаннан кейін Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары мен Ноғай Ордасы дегендер бөлініп шықты ғой.  Солардың біреуі де мемлекет болып өмір сүре алған жоқ. Тарихтың жобаларында жоқ болып кетті. Қазақ хандығы ғана әлі күнге дейін бар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир