|
03.03.2020 | 21:29
5759

Алматыда "Гүлден көктем" мәдени көрмесі ашылды

Өнер көрмесі 12 наурызға дейін жалғасады

Алматыда "Гүлден көктем" мәдени көрмесі ашылды

«Гүлденген көктем». Бүгін Алматы музейінде осындай атпен мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында мәдени көрме ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көрмеде дизайн саласының оқытушылары мен студенттердің  туындылары бірдей дәрежеде көрерменге ұсынылды. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған шарада кескіндеме суреттер, киім эскиздері мен түрлі қолөнер туындылары қойылған. Өнер көрмесі 12 наурызға дейін ашық.

«Ең алдымен көрмеден ұстаз бен  студенттің арасындағы байланысты, өнердегі байланысты  көруге болады.  Бірі кәсіби маман, екіншісі студент болғанымен, тең дәрежедегі адамдардың өнерін байқаймыз. Студент кезде де жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады», – деді Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті,  Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры  Тоққожа ҚОЖАҒҰЛОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир