Ерке Есмахан тойының қашан болатынын айтты

Ашық көздерден алынған фото
Ашық көздерден алынған фото
Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрақтарына жауап берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Ол үйлену тойды қашанға жоспарлағанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап

Қаңтар айында некелескен жұлдызды жұптың өмірі көпшілікке қызық. Әншінің оқырмандары тойдың қашан болатынын сұрады.

“Бұйырса жазда. Мен той қаламап едім. Күйеуім үлкен той жасаймын деп қоймай отыр. Мен келістім”, – деп жауап берді Ерке.

Өнер иесінің тұрақты оқырмандары оның әлеуметтік желіге сирек шығатынын байқады. “Неге келіндік өміріңізді көрсетпейсіз?” деген сауалға әнші: “Әлі толықтай келін емеспін. Алда бұйыртса, сырға салу, құда түсу, құдалық, беташар бар. Сосын супер келіншек боламын”, – деп жауап қайтарды. 

Новости партнеров