«Оскар-2021» cыйлығы жеңімпаздарының тізімі жария болды

26.04.2021 в 13:56

Үздік анимациялық фильм: «Жан»

Лос-Анджелес қаласында «Оскар-2021» америкалық киноакадемиясы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Хлоя Чжао – үздік режиссура үшін «Оскар» алған екінші әйел адам. 

2009 жылы «Дауыл әміршісі» фильмі үшін Кэтрин Бигелоу жүлде тарихында тұңғыш рет «Оскар» алған еді. 

Үздік режиссура бойынша «Оскарды» «Көшпенділер жері» фильмі үшін америкалық Хлоя Чжао алды.

Үздік режиссер: Хлоя Чжао («Көшпенділер жері») 

Екінші пландағы үздік ер адам рөлі: Дэниэл Калуя («Иуда және қара мессия»)

Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі: Юн Ё-джон («Минари») 

Шет тіліндегі үздік фильм: «Тағы бір реттен» дат режиссері Томаса Винтерберга 

Үздік оригиналь сценарий: Эмералд Феннел («Үміт сыйлайтын қыз») Үздік қысқа метражды фильм: «Екі бейтаныс жан» 

Үздік қысқа метражды анимациялық фильм: «Қандай да бір жағдай болса, мен сізді жақсы көрем» 

Үздік адаптацияланған сценарий: «Әке», француз жазушысы және драматургі Флориана Зеллера 

Үздік анимациялық фильм: «Жан»

Үздік қысқа метражды деректі фильм: «Колет» Үздік деректі фильм: «Менің ұстазым-осьминог»