Ержан Максим «Балалар Евровидениесі 2019» байқауында екінші орын алды

25.11.2019 14:29

Жас вокалист "Арманнан қалма" атты әнді орындады

Ал, Польшаның Гливице қаласында өткен  музыкалық шоуда осы елдің өкілі Виктория Габор жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ержан конкурсқа қатысушы елдердің кәсіби әділ-қазыларының ең көп дауысын алып, жеңімпаз атанғанына қарамастан, онлайн дауыс беру жағдайды түбегейлі өзгертті. Грузия, Беларусь, Уэльс, Украина, Польша, Нидерланды және Сербия өзінің ең көп 12 балын Қазақстанға берген. Ал, Қазақстан өз дауысын польшалық қатысушыға берді.