Қазақстандық жігіт Тимати мен Бастаны таңғалдырды (видео)

18.03.2019 14:42

Манарбекке «Екатерина Варнава Павлодарға оралады» тақырыбына ән жазуын ұсынды

tengrinews.kz

Павлодарлық музыкант Манарбек Жұматай ТНТ телеарнасындағы «Песни» шоуының бесінші шығарылымының жарқын жұлдыздарының бірі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жігіт қазылар алқасы, Тимати мен Бастаны жасампаздығымен таңғалдырып, байқаудың екінші кезеңіне өтті. 23 жастағы әнші сауалнамаға оның екі бейнебаяны бар екенін және бір сағатта ән шығара алатынын жазған. Соңғы сөзі төрешілердің назарын аударды, сөйтіп олар шығармашылық тәжірибе жасап көрді. Манарбекке «Екатерина Варнава Павлодарға оралады» тақырыбына ән жазуын ұсынды.  Орындаушы сынақтан сүрінбей өтті. Төрешілерге ән ұнады.

«Білесің ба, ең қызығы, Варнава туралы ән - хит, шын мәнінде хит», - деді Тимати.

«Осылайша біз Павлодар, Варнавамен келесі кезеңге өткіздік. Ғажап болды», - деді Павел Воля.

«Мұның бәрі менімен болып жатқанына әлі сенер емеспін. Жарты жыл бұрын Мәскеуге қалай барсам екен, теледидарға қалай шықсам деп ойланып жүргенмін. Сөзім жоқ», - деді шоу соңында павлодарлық жігіт.

Манарбек Жұматай ән айтып қана қоймай, өз әндеріне музыка жазады. Қазақстанда ол Mona Songz бүркеншік атымен өнер көрсетеді. © instagram/mona_songz ТНТ-дағы «Песни» вокалдық шоуының екінші маусымы ақпанда басталды.

Болашақ жұлдыздарды тоғыз кастинг-бағдарлама күтіп тұр. Жас орындаушылардың тәлімгерлері - Тимати мен Баста. Олар ең жарқын және келешегі зор қатысушылардан топ құрайды. Жеңімпазға ақшалай сыйлық, концерттік тур және жеке альбом жазуға келісімшарт беріледі.