Димаш Құдайберген Игорь Крутойдың кешінде өнер көрсетті (видео)

26.08.2019 14:55

Әнші ресейлік композитордың "Любовь, похожая на сон" және "Любовь уставших лебедей" әнін орындады

Желіде Димаш Құдайбергеннің Сочиде Игорь Крутойдың шығармашылық кешінде өнер көрсеткен сәтінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Димаш ресейлік композитордың "Любовь, похожая на сон" және "Любовь уставших лебедей" әнін орындады.

Айта кетейік, демалыс күндері өткен "Новая волна" байқауындағы шығармашылық кеш белгілі композитордың 65 жас мерейтойына арналған. Кеш барысында Ресейдің Қазақстандағы елшісі Иманғали Тасмағамбетов Игорь Крутойға "Достық" мемлекеттік орденін табыстады.