Жаңа үйіне Шахизада су жаңа көлігімен көшіп келген
Отандық танымал әнші Шахизада Байпатшанова жаңа үйге көшті. Баспаналы болған өнер иесін алғашқылардың бірі болып Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова құттықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Айдарбекова өзінің Instagram парақшасында Шахизаданың үйіне шашу шашып келген сәтін жариялап, оқырмандарына зәулім сарайды көрсетті. Бейнежазбадан әншінің үйіндегі жөндеу жұмыстары әлі аяқталмағанын көруге болады.
Анықталғандай, шоу-бизнес жұлдызы үш қабатты үй соқтырған. Оған қоса, жаңа үйіне Шахизада су жаңа көлігімен көшіп келген.
"Шахизада құдашамның қуанышына ортақтасып, шашуымызбен кіріп шықтық. Еңбекқорлығында шек жоқ. Таза ауа, керемет көрініс. 3 қабатты шаңырағың құтқа толсын! Көлігің тоза берсін, өмірің оза берсін" , - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.
Желідегілер де Айдарбековамен қосылып, әншіні баспаналы болуымен құттықтап жатты.