Қайраттың әкесі алдымен көпшілікпен сәлемдесіп, ұлын туған күнімен құттықтады
Күні кеше ғана Қайрат Нұртас 30 жасқа толған туған күнін әріптестерімен дүркіретіп тойлады. Тойханаға кірмей тұрып, өнер иесінің ата-анасы әншіге көлік сыйлағандарын айтып мақтанып, желіге видео жүктеді, деп жазады sn.kz.
Қайраттың әкесі алдымен көпшілікпен сәлемдесіп, ұлын туған күнімен құттықтады.
«Ал енді сөге жамандамаңыздар, артынан ерген екі інісі, Аян мен Астанадан келе алмай қалған Заңғар екеуі ағасына бүгін мынадай темір тұлпар сыйлап жатыр. Рахмет, құтты болсын!», – деді Нұртас Айдарбеков.
Эстрада жұлдызының туған күніне жайылған дастарханға Мәдина Садуақасова, Тоқтар мен Бейбіт, Жазира мен Жанболат секілді өнер жұлдыздары келді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramАлла баршаңызға ғұмыр берсін ағайын!
Публикация от Айдарбеков Нуртас (@aidarbekov_nurtas)25 Фев 2019 в 6:16 PST