«Голос. Дети» жобасының қатысушысы, 11 жастағы оралдық Ержан Максим жақында Қазақстанға оралады, деп жазады «Уральская неделя».
№ 34 мектептің 6-сыныбын жалғастырып жатқан Ержанның әкесі баласының енді тойда ән салмайтынын айтады.
«6 жасынан бері тойда ән салады. Таңнан кешке дейін демалмай ән сала береді. Көлігімде де ән айтады. Кейде оның даусы ашылатын кездер болады. Қатты айқайлағанда «Ержан, тоқташы» деймін. Тамағы жыртылып кете ме деп қорқамын», – дейді әкесі Ербол.
Еске сала кетейік, оралдық Ержан Максим «Голос. Дети» байқауының суперфиналында өнер көрсеткен болатын. Дауыс беру қорытындысы бойынша ол Алсудың қызы К.Абрамовадан кейін екінші орын алды.
Осы жайттан кейін Максим Галкин жобаны сынап, сайыстың әділетсіз өткенін айтқан. Кейін Алла Пугачева қатысушылардың барлығын арнайы қонақ етіп, сыйлық табыстады.