«Арнау» тобының бұрынғы әншісі өзіне бірнеше рет қол жұмсамақ болған

17.04.2019 15:10

Осыдан 5 жыл бұрын өнерге келуге көмек сұрағанда, ешкімнен қолдамаған

«Арнау» тобының бұрынғы әншісі Жанар Хамитова өмірі жайлы ақиқатты жайып салды. 11 жылдан соң қайта ел алдына шыққан әнші өзінің қазір қара жұмыс істейтінін жасырмады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Жанар қазіргі уақытта мейрамханада ыдыс жуады. Пәтер жалдап тұрады. Осыдан бес жыл бұрын өнерге қайта оралғысы келіп, көмек сұрағанымен, ешкім қолдау көрсетпесе керек.

«Мейрамханада ыдыс жуып, күніне 4 мың теңге табам. Құдайға шүкір, қолымнан бәрі келеді», - дейді әнші.

Ол осы жылдар ішінде өзіне бірнеше мәрте қол жұмсамақ та болған. Бірақ, әрдайым сахнаға деген сүйіспеншілігі мен махаббаты оны құтқарып қалған.

«Шынымды айтсам, мені бәрі шаршатты. Туыстарым, тіпті ата-анам да... Мама, сен мені кешір! Бірақ, мен үлкен адаммын.  30 жыл ішінде қанша рет өз-өзіме қол жұмсамақ болдым», - деді Жанар Хамитова.

Бағдарлама қонақтарының кейбірі әншінің мұндай жұмыс істеп жүргеніне сенбеді. Нағыз хайп дейді олар.  

Жанар бүгінде ерлі-зайыпты достарымен бірге тұрып жатыр. Өздері жаңадан үйленген, балалары жас  отбасымен көшеде танысып, пәтеріне ертіп келген.

«Әйелім Қырғызстан азаматшасы. Сондықтан босанған соң бірден елге бара алмады. Жұмыстағы кабинетке түнеп жүргенде Жанармен таныстым. Ол өз үйіне шақырды», - дейді Бақытжан есімді азамат.

Ал анасы Жанардың кішкентайынан пысық болғанын, бала күнінен әнге құмарлығын айтып, ерке қылықтарын еске алды.