|
01.12.2022 | 10:13
2092

Алматыда «Мың бояулы қала» көрмесі өтеді

Көрмеге байқауда оза шапқан 30 жұмыс көрермен назарына ұсынылады

Алматыда «Мың бояулы қала» көрмесі өтеді inetin-magaz.ru

Биылғы қыркүйек айында Алматы қаласы күніне орай жас суретшілердің «Мың бояулы қала» атты пленэр-байқау өткізілген болатын. Осы байқауға қатысқан қылқалам шеберлерінің көрмесінің ашылуы 2022 жылғы 1 желтоқсанда Алматы қаласы тарихы музейінде өтеді. Басталуы – сағат 15.00, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталмыш жобаны Жас суретшілер одағымен бірлесе отырып, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы қолдауымен Алматы қаласы музейлер бірлестігі жүзеге асырған болатын. Жас суретшілерді қолдау және еліміздегі бейнелеу өнерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған пленэр-байқауға 35 жасқа дейінгі 60 кәсіби суретші қатысты.

Көрмеге байқауда оза шапқан 30 жұмыс көрермен назарына ұсынылады. Әртүрлі жанр мен техникада жазылған жұмыстар – бір пленэр аясында майлы бояумен әрленген өнер туындылары, Алматының мың бояулы құрама портреті.

Пейзаж бен абстракция, реализмнің қатал заңдылықтарына заңдылықтарына бағына отырып жасалған жұмыстар суретшінің жеке қолтаңбасын қолдануға кедергі келтірмейді.

Жас суретшілер шығармашылығы – өз стилін, өнердегі өз өрнегін іздеудің айқын көрінісі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир