Жазира Байырбекова екі көзі көрмейтін қызды ұзатам деп жылап қалды (видео)

08.10.2019 15:20

Көпшілік әншіні сабырға шақырып, екі жасқа бақыт тіледі

Әнші Жазира Байырбекова зағип жанды ұзатты. Оң босағандан шығарып салған әнші көз жасына ерік берді, Stan.kz.

"Қыз бен жігіттің батылдығына риза болдым. Бойжеткен екі көзі көрмесе де өз орнын тауып ұзатылып кетті. Әнімді аяқтай алмай көзіме жас келді. Ол үшін көпшіліктен кешірім сұраймын. Ішімнен қатты толқыдым. Бұл көрініс көп адамға жігер береді. Аттасым Жазира жолдасымен бақытты болсын!", - деп жазды әнші парақшасында.

Көпшілік әншіні сабырға шақырып, екі жасқа бақыт тіледі.

"Екі жас сізге рахмет көп, Алла разы болсын сізге", "Аллам бағын ашсын! Айналайын! Аллам жылатпасын!", "Жазира ханым керемет жылағаныныз көрінбейді бәрі әдемі", - деп жазды желі қолданушылары.