Төреғали әйелінің туған күніне ерекше сый жасады (видео)

12.07.2019 15:21

Әнші әйелімен бірге жүрген кездері жинап, әсерлі видео жасаған

Әйелін туған күнімен құттықтаған видеосын Instagram парақшасына жариялаған Төреғали Төреәлі көпшілікті тәнті етті.

Төреғали Төрәлі  әйелінің туған күніне күтпеген жерден тосынсый жасап, бойы өзімен бірдей гүл сыйлаған. Бұл туралы өнер иесі желідегі парақшасында жазды. Ол келіншегі Толқынға сыйлығын берген сәті мен ұзату тойындағы, бірге жүрген кездердегі бейнежазбаларды жинап, әсерлі видео жасаған.

«Көпбалалы ананың туған күніне»,  деп жазды Төреғали Төреәлі өзіне 4 перзент сыйлаған жарының сыйлығын көрсетіп.