Актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды
Ол «Шанхай», «Любовь под прикрытием», «Застава», «Фара», «Анажан», «Статья на двоих» сынды фильмдерге түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Белгілі қазақстандық актер Фархат Әбдірайымов қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Грузияда фильм түсірілім кезінде қазақстандық актер және жақсы адам Фархат Әбдірайымов қайтыс болды. Ол қаңтарда 55 жасқа толған еді», – делінген Kozachkov offside Телеграмм-арнасында.
Бұл ақпаратты ҚР СІМ баспасөз қызметі растады.
«Алдын ала ақпарат бойынша өлімнің себебі – жүрек ұстамасы»,– деді ведомство қызметіндегілер.
Фархат Әбдірайымов көптеген фильмде басты рөлдерді сомдаған талантты актер еді. Одан бөлек, жарнамаларда және шоуларда төбе көрсетті. Сонымен қатар, бірнеше рет жоғары марапаттар мен сыйлықтарға ие болды.
Актердің кинокарьерасы 1994 жылы басталды. Ол «Шанхай», «Любовь под прикрытием», «Застава», «Фара», «Анажан», «Статья на двоих» сынды фильмдерге түскен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45