Көкшетауда Димаш Құдайбергеннің мүсіні пайда болды

24.12.2018 15:22

Қанаттарын жайған аққулардың алдында микрофон ұстаған Димаштың мүсіні мұз қалашығының сәнін келтіріп тұр.

Көкшетау қаласының мұз қалашығында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің мүсіні пайда болды. Мұздан жасалған композицияның алдыңғы бөлігінде микрофон ұстаған Димаштың мүсіні тұр. Ал оның артында қанаттарын жайған аққулар бейнеленген, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Композиция авторы көкшетаулық белгілі суретшісі және мүсінші Манарбек Бұрмағанов.

«Әншінің шығармашылығынан, әсіресе оның Ресейде орындаған «Қалжыраған аққулардың сезімі» әнінен шабыт алған Манарбек Бұрмағанов Көкшетауда осындай мүсін жасауды шешті. Идея жергілікті деңгейде қолдау тапты. Манарбек халықаралық байқауларға үнемі қатысып тұрады. Өткен жылы шақырту бойынша Ресейде жұмыс істеді. Бірнеше рет Алматыда мүсіндер жасады», - деді ҚР Суретшілер одағы облыстық филиалының төрағасы Юрий Попов.

Еске салайық, жуырда Димаш Құдайберген Мәскеудегі Кремль сахнасында және «НТВ» арнасының «Орталық телевидение» бағдарламасында «Қалжыраған аққулардың сезімі» әнін орындаған болатын.