Димаш ауыр дертке шалдыққан татар қызының арманын орындады (видео)

28.08.2019 15:29

Әнші өзінің командасымен бірге Қазан қаласындағы хосписке арнайы кіріп шықты


Димаш Құдайберген Қазан қаласындағы хосписке арнайы бары, өзінің кішкентай жанкүйерінің арманын орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Димаш Құдайберген өзінің командасымен бірге Қазан қаласындағы хосписке арнайы кіріп шықты.

«Сырқаты ауыр Лейсан есімді қыз Андрей Малаховтың хабарында Димаштың шығармашылығы өзінің ауруымен күресуге күш сыйлайтынын, әнін тыңдаған сайын өмірдің әлі алда екенін түсінетінін айтқан болатын. Ол Димаштың Қазанда ән айтатынын естігенде барғысы келгенін, бірақ бесінші рет химиялық курстан кейін ол мүмкін еместігін айтқан. Сондықтан, Димаш жанкүйеріне өзі келіп, балаң арманын орындады», - делінген Youtube арнасында.

Аталмыш мекеменің Анжела Вавилова атындағы қоры Instagram-да Лейсанның шынымен де Димаштың шығармашылығын сүйіп тыңдайтынын жазған.

Айта кетсек, қазақстандық әнші Татарстан астанасына «WorldSkills Kazan 2019» шарасына қатысу үшін келген болатын.