"Шешінетін қыздардың көзін құрту керек": Мақпал Жүнісова жалаңаштанған әншілер жайлы

"Шешінетін қыздардың көзін құрту керек": Мақпал Жүнісова жалаңаштанған әншілер жайлы
Gakku дауысы» фестивалінде Кәмшат Жолдыбаева ерсі биімен елді шошытқан еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мақпал Жүнісова жалаңаш образымен өнер көрсетіп жүрген әншілерді сынға алды. Оларды сахнадан шеттету керек деген ұсыныс айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Ол жалаңаш әншілердің сыннан қорытынды шығармай, керісінше сынаған сайын өршіп бара жатқанын айтты. Сондықтан көрші өзбектер секілді заң шығарып, ондайларды сахнадан қуу керек деді.

"Жалаңаштанғанды жақсы көрсе, яғни, ортасы сондай. Біз олардың әке-шешесі емеспіз. Ортасы бар, достары бар. Олар неге айтпайды? Өзбекстандағыдай заң шығарып, сахнадан қуып тастау керек оларды.«Gakku дауысы» фестивалінде  сахнада жатып, аяғын көкке көтеріп жатыр. Не деген масқара?!", - деді әнші.

Бұл сөзді Жігер Ауыпбаев та қолдап отыр.

"Қанша ескерту жасадық. Сын айттық. Нәтиже жоқ. Мен жалаңаш образға қарсымын. Ол дұрыс емес", - дейді Жігер.

Бұған дейін «Gakku дауысы» фестивалінде өнер көрсеткен Кәмшат Жолдыбаева ерсі биімен елді шошытқан еді.


Новости партнеров