Белгілі актер елімізге мамырда келуді жоспарлап отыр
Джеки Чан өзінің жаңа фильмін Қазақстанда түсіретін болды, деп хабарлайды Алтайньюс.
Белгілі актер әрі режиссер Джеки Чан елімізге мамырда келуді жоспарлап отыр. Маусым айында болашақ фильмнің локациялары таңдалып, сценарий талқыланбақ. Ал түсірілім қыркүйек-қазан айларында өтеді.
Фильм боевик жанрында болады деп күтілуде. Қазақстанда өтетін түсірілімге Голливуд жұлдыздары мен Қытай елінің актерлері келеді. Сондай-ақ, фильмге Джеки Чанның өзі де түседі екен. Біздің елден бөлек, бұл фильмнің түсірілімдері тағы Франция және Израиль мемлекеттерінде өтеді.