Абай-175: Өскемен СЭС қызметкерлері «Көзімнің қарасы» әнін орындады

08.01.2020 16:04

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов әнге жоғары баға берді

yandex.kz

Су электрстанциясының қызметкерлері Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған челленджге үн қатты, деп хабарлайды YK-news.kz.

"Халқының ұлы баласы Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әні мәңгілік махаббатының тарихын сипаттаған туынды.

Бүгін баршамыздың сүйікті әнімізді Өскемен СЭС қызметкерлерінің орындауында тыңдап, риза болдым. Жастар бабаларымыздың ізгі ниетін, ақ көңіл мархабатын жеткізе білді. Қазақстан халқы үшін қастерлі бірлік пен келісім үнін әуелетті", - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.