Қазақстанда голливудтық фильмдерді прокаттау мәселесі талқыланып жатыр

11.03.2022 16:04

Қазіргі уақытта шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр

ҚазАқпарат

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Дәурен Абаевтың төрағалығымен еліміздегі киноиндустрияны дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Оған кинопрокат нарығында танылған отандық компаниялардың басшылары қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі уақытта шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Голливудтың үш студиясы - Universal Pictures, Warner Bros. және Paramount Pictures-бұрын бекітілген кестеге сәйкес қазақстандық көрермендерге өз картиналарын ұсынуды жалғастырады.

Walt Disney Company және Sony компанияларымен отандық кинопрокатшылар ҚР МСМ қатысуымен тікелей келіссөздер жүргізуде. Тиісті келісімдерге қол жеткізу үшін айтарлықтай кедергілер жоқ.

Келіссөздер нәтижесі мен қазақстандық кинотеатрлардың одан әрі жұмысының басқа да егжей-тегжейі туралы қосымша хабарланады.

Дереккөзі: ҚазАқпарат