Ержан Максим Бакуде өнер көрсетеді

12.12.2019 16:09

Фестиваль 14 желтоқсанда өтеді

Ержан Максим 14 желтоқсанда Бакуде өтетін «Қыс 2019» фестивалінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы фестивальға қатысуға, шамамен бір жарым ай бұрын оның ұйымдастырушыларынан бізге ұсыныс келіп түсті. Олар Ержанды түрлі байқаулардан көріп, ұнатып, шақыруға шешім қабылдаған. Фестивальға халықаралық масштабта танылып жүрген, талантты балалар шақыртылуда. Және де шараға қатысуға осы ел ішінен де кастинг арқылы балалар іріктеліп алынған», - деді Ержанның анасы.

Сондай-ақ, Гүлмира Әлібек Ержанның арманы туралы айтты.

«Ержанның Димаш ағасы сияқты қазақ елінің атын шығарсам, қазақ елін әлемге танытсам, соған үлесімді қоссам деген өзінің арман тілектері бар. Нәтижесінде осы фестивальға қатысуды ұйғардық. Оның үстіне, бұл да бір әлемдік деңгейдегі фестиваль деп ойлаймыз», - деді Г.Әлібек.