Баян Алагөзова: Талғат Теменов басында рұқсат беріп, кейін 50 мың доллар талап етті

13.02.2019 16:11

Баян Мақсатқызы режиссердің бұл талабын орындай алмаған

stan.kz

Баян Алагөзова «Тағдыр бекеті» атты фильм түсіремін деп дауға қалды. Кезінде өзінің жұлдызын жағып кино әлеміне жол ашқан режиссер Талғат Теменов оны сотқа берді. Мақсатқызы оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Ол кісіге хабарласып өз ойымды айттым. «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасын түсірейін деп рұқсат сұрадым. Ол кісі «Проблема жоқ, мен саған көмектесемін» деді. Мен жұмысты жалғастырып кеттім. Одан кейін маған хабарласып «Рұқсат бермеймін, маған 50 мың доллар ақша керек» деді. Не болып қалғанын түсінбедім», - дейді Алагөзова.

Баян Мақсатқызы режиссердің бұл талабын орындай алмаған. Ол үшін жерде жатқан ақша жоқ. Сондықтан да ол басқа фильм түсіруге бел буған.

«Енді басқа кино, басқа хикая болады деп өз-өзіме уәде бердім.  Фильмнің атауы да, актерлер де, бәрі өзгерді. Бірінші фильмге қатысы жоқ басқа картина болады», - дейді Мақсатқызы.

«Тағдыр бекеті» фильмінде кезінде Баянмен бірге басты рөлді сомдаған актерлер бой көрсеткен. Әйткенмен, Алагөзова хикая мүлде бөлек деп отыр. Мәселен, «Махаббат бекеті» картинасында Гүлназ қызды болады. Ал мұнда басқаша.

«Гүлназдың күйеуінің аты Жан болады. Ұл баласы бар, есімі Ұлан. Бірінші фильмге қатысы жоқ. Бұл жаңа хикая, менің хикаям», - дейді Алагөзова.

Продюсердің айтуынша, Теменов мырза осыны біле тұра, оны сотқа берген. Нәтижесін уақыт еншісіне қалдырайық.