Францияда аты аңызға айналған "Қыз Жібек" фильмі арнайы жүлдеге ие болды

Сурет: qazaqadebieti.kz
Сурет: qazaqadebieti.kz
Халықаралық шара режиссер Сұлтан Қожықовтың 100 жылдығына арналады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Францияда бесінші рет ұйымдастырылған қазақ киносының фестивалінде "Қыз Жібек" фильмі көрсетілді. Қазақстандық фильмдердің дамып-өркендеуіне қосқан үлесі үшін ВезУльдегі фестиваль дирекциясы атынан отандастарымызға алтын адам мүсіні табысталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық шара режиссер Сұлтан Қожықовтың дүниеге келгеніне 100 жыл толуына арналған.

- "Қыз Жібек" - керемет туынды! Ол поэзияға толы. Бұл Орталық Азия киносына тән ерекшелік. Ұлттық нышандардың қолданылуы қатты әсер береді, - деді Азия киносы фестивалінің директоры Жан-Марк Теруа.

 - Фестивальге келемін деп ойлаған жоқпын.  Бір жағынан қуанып отырмын. Бірақ Төлегенімнің жоқтығы жаныма батады. Фильмның режиссері Сұлтан Қожықов биыл 100 жылдығын атап өтер еді. Туындысы жарты ғасырдан кейін Франция төрінде көрсетіледі деп ойлмаған шығар, - дейді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова.

 - Фильмдегі костюмдер қандай әдемі! Бас рөлді сомдаған актриса біздің Катрин Денев, Эдит Пиафтан кем түспейді, - деді актер Сами Насери.

Қазақ киносының бесінші фестивалінде "Қыз Жібектен" бөлек "Бақыт" драмасы, "Тау пиязы" комедиясы, Денис Тен сценариі бойынша түсірілген деректі фильм көрсетіледі. Ал бағдарлама соңында әйгілі "Дос-Мұқасанның" музыкалық фильмінің тұсаукесері өтеді.

Оқи отырыңыз: Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады

Новости партнеров