«Дос-Мұқасан» тобының әншісі: халыққа еңбегім сіңген, аяқ киімімді шешуге міндетті емеспін

«Дос-Мұқасан» тобының әншісі: халыққа еңбегім сіңген, аяқ киімімді шешуге міндетті емеспін
Әнші қол көтерген қызметкер әлі ауруханада жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әйгілі «Дос-Мұқасан» тобының әншісі Мұрат Құсайынов пен «Эйр Астана» әуе компаниясы арасындағы дау өршіп кетті. Екі тарап бірін-бірі кінәлап, полицияға арыз жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Әуе компаниясының айтуынша, әнші қызметкер қызды ұрып жіберген. Қатты соққыдан ол жерге құлап түсіпті. Мұндай жағдайға жол бермеу үшін компания полицияға жүгінді.  

Ал әнші ағамыздың уәжі басқа.

«Мен ешкімді ұрған жоқпын. Оның өзі аяқ киімімді шешуді талап етіп тұрып алды. Бейне мені бір қылмыскер құсатып, сонысы қатты ашуыма тиді. Менің елге сіңген еңбегім бар ғой. Сондықтан аяғымды шешуге міндетті емеспін. Өз елімде еркін жүруге құқығым бар», - дейді ол.

Ал әнші қол көтерген қызметкер қыз әлі ауруханада жатыр. Ол бетінің көгерген ізі жазылмайынша емделетінін айтты.

Аталған іс «Бұзақылық» бабы бойынша тіркеліп, тергеу жүргізілуде.

Новости партнеров