Кенже інісі Заңғар ағасының туған күніне өлең жолдарын арнады
Бүгін – елімізге белгілі хитмен Қайрат Нұртастың туған күні. Өнер иесі 30 жасқа толды. Мерейлі жасқа қадам басқан әншіні ең бірінші болып балалары мен жұбайы құттықтады, деп жазады Stan.kz.
Әкелерінің туған күніне орай Сезім, Алау, Нарұл мен Хан Happy birthday to you әнін шырқады. Балаларының құттықтауын жариялаған Жұлдыз өзінің де отағасына деген ақ тілегін жеткізді.
«Асқар тау әкемізді туған күнімен құттықтаймыз! Қайрат, қайда болсаңыз да аман болуыңызды тілейміз! Сіз біздің жүрегіміздесіз», – деді ол.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial) 24 Фев 2019 в 10:00 PST
Ал Қайрат Нұртастың өзі меншікті мерекесінде өзіне өмір сыйлаған анасын құттықтауға асықты. Ол жақындарымен бірге бір құшақ гүлін алып, түнгі сағат 12-де Гүлзира Үсенқызын құттықтады.