Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы концерттер тоқтатылып, басқа уақытқа жоспарланған
Димаш Құдайберген коронавирустың әлемде кең таралуына байланысты "Арнау" гастрольдік сапарын кейінге қалдырды, деп хабарлайды Sputnik.
Әншінің айтуынша, коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы концерттер тоқтатылып, басқа уақытқа жоспарланып отыр.
"Arnau Tour" әлемдік туры аясындағы концерттер кейінге қалдырылғанын өкінішпен хабарлаймын. Коронавирус инфекциясының алдын алуға байланысты Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы концерттерім тоқтатылып, басқа уақытқа жоспарланып отыр. Қабылдаушы тараптармен келісіліп, концерттердің өтетін күні анықталған соң, алдын ала жарияланады", – деп жазды Димаш өзінің Instagram парақшасында.