|
10.09.2021 | 11:25
2136

Димаштың орындауындағы «Ave Maria» әні туралы композитор өз ақиқатын айтты

Димаштың орындауындағы «Ave Maria» әні әлемді лезде шарлап, әнсүйер қауымның көңілінен шықты

Димаштың орындауындағы «Ave Maria» әні туралы композитор өз ақиқатын айтты Сурет: kudaibergenov.dimash

Ресейлік композитор Игорь Крутой Димаш Құдайбергеннің «Новая волна» ән байқауында орындаған жаңа хит әуенді қалай жазғанын айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz. сайтына сілтеме жасап.

Димаштың орындауындағы «Ave Maria» әні әлемді лезде шарлап, көптің көзіне жас алдыртып, әнсүйер қауымның жан дүниесін астан-кестен етті. Бұл - осы әнге YouTube желісінде пікір білдірушілерге ортақ көңіл-күй, айтар тоқетер сөз.

«Итальяндықтар кез келген композитордың соңғы туындысы қандай, оның өзі де соған сай деген пікірге жиі сүйенеді, яғни оған дейінгі барлық табыстары мен жетістіктері есепке алынбайды. Осындай музыка сүйер ел өкілдерінің (бұрын да, қазір де) даулы әрі қарама-қайшылыққа толы бұл пікіріне байыппен үңіліп, соңғы кездері жаңа туындыларымды итальяндықтардың осы бір призмасы арқылы қарастыра бастадым», – деп жазды Игорь Крутой Instagram-да.

Ол «Новая волна» байқауына бірнеше ай қалғанда Димаш оған қоңырау шалып, «Ave Maria»-ны жаңаша реңкте жазуға болатын-болмайтындығын сұрағанын айтты.

«Сол күні қолым бос еді, тура соған сай келе кетті, мен бірден фортепианома отыра кетіп, сүйікті ісіме рахаттана кірістім. Әдеттегідей, есіме жауапкершілік жайындағы итальяндық формула сап ете түсті, сондықтан қажетті нәтижеге жеткенше шабытпен жұмыс істедім... Құрылған композиция құлағымда әуелеп, бойды баурай жүрегіме жетіп, жанымды тербегенін сезіну үшін бірнеше күн тыныштыққа кеткенімде ноталарды Димашқа жолдадым, ол жарты сағат ішінде хабарласып, өзіне керегі дәл осы нәрсе екенін айтты. Әрине, «Новая волна» көрермендерінің Димашты қабылдауы мен ду қол шапалағынан сүйікті іспен айналысу, музыкаға осындай сезімтал бірегей керемет жанға ән жазу, аласапыран эмоция тудыру, көрермен тарапынан сұранысқа ие болу дегеннің қандай бақыт екендігін ұққандай боласыз. Бұл дегеніңіз: «Бақыт деген не?» деген тақырыпқа эссе жазғандай», – дейді композитор.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир