Режиссер Фархат Шәріповтің «18 килогерц» фильмі ХVII Қазан Халықаралық мұсылман кинофестивалінің бас жүлдесіне ие болды. Картина үздік толықметражды ойын фильмі атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ, картина операторлық жұмысы үшін марапатқа ие болды (Александр Плотников).
Еске салайық, «18 килогерц» фильмінің әлемдік тұсаукесері Варшавадағы Халықаралық кинофестивальде өткен болатын, онда картина сенсациялық түрде гран-при жеңіп алды. Кейін фильм Котбуста (Германия) өткен 30-шы Халықаралық кинофестивальде үздік атанды.
«18 килогерц» фильмі – 90-жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірі баяндалатын көше тарихы. Фильмдегі басты рольдерді дебютант актерлер сомдаған: Мұсахан Жұмахан, Әлібек Әдікен, Камила Фун-Со. Кинокартина 2020 жылдың қазанында сенсациялық түрде 36-шы Варшава Халықаралық кинофестивалінің гран-приін жеңген болатын.
Одан бөлек, «18 килогерц» фильмі Азиядағы ең ірі кинофестивальде - Пусан халықаралық кинофестивалінің «Азия киносына терезе» атты конкурстық бағдарламасында көрсетілді.
Енді алдағы күндері Алматыда фильмнің ақтық түсірілімі өтеді.
XVII Қазан Халықаралық мұсылман киносы фестивалі Татарстан республикасының астанасында 5-10 қыркүйек аралығында өтті. Биыл форумға 45 елдің кинематографистері өтінім берген.