Алматыда «Ұлт рухы - ұрпақ мұраты» атты Қазақстанның І Мәдениет форумы өтті

Жанарбек Әшімжан/facebook
Жанарбек Әшімжан/facebook
Биыл 300-ге жуық мәдениет ошағы салынып, қайта жөндеуден өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында «Ұлт рухы - ұрпақ мұраты» атты Қазақстанның І Мәдениет форумы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Бұл - осы бағыттағы тұңғыш форум.

Айтулы форумға республиканың түкпір-түкпірінен 500-ден аса делегат келді. Олар - еліміздің мәдениет, руханият саласындағы көрнекті тұлғалар, өнер саңлақтары, белгілі қаламгерлер.

Форумды ҚР Мәдениет және спорт министрі Даурен Абаев ресми түрде ашып беріп, бүгінгі және болашақ рухани бағыт-бағдарымызға байланысты келелі баяндама жасады.

"Біздің басты мақсатымыз кітап оқитын қоғам қалыптастыру, тілі мен дәстүріне берік жастардың қатарын молайту" деген сала басшысы Алматы шаһарында күні бойы түрлі форматта өтетін форум жұмысына сәттілік тіледі.


Биыл ел бойынша 300-ге жуық мәдениет ошағы салынып, қайта жөндеуден өтеді. 

Сондай-ақ, ешкім бас сұқпайтын музейдің қажеті жоғын алға тартып, қоғаммен байланыс орната алатын мамандарды даярлау қажеттілігін атап өтті.

«Жаңа бетбұрыс – саяси тұрғыдан ғана жаңару емес, ұлттың мәдениетінен руханиятына дейінгі, әлеуметінен әдебиетіне дейінгі мәселелерді қамтиды». Қазақстанда бірінші рет өткен мәдениет форумында министр Дәурен Абаев осылай деді. Іс-шарада ұлттың мәдени дамуына үлес қосып, әлі де аянбай еңбек етіп жүрген қазіргі заман зиялылары бас қосты. Олар Жаңа Қазақстанның мәдени дамуындағы бірқатар мәселені талқыға салды.

Мәдени дамудың маңызына тоқталған зиялы қауым өкілдері қордаланған мәселелерді атап өтті. Отандық көркем туындылардың сұранысқа ие болуы мен бәскеге қабілеттілігі сөз болды.  

«Ағаларымыз, алдыңғы буын әкелеріміздің түсірген фильмдеріне зер салып қараңыз, классикалық өнердің үлгісі. Әрбір сөзі цитатаға айналып, әлі күнге дейін жүрегімізде сақталған. Қаншама ұрпақ ұялмай көре беретін дүниелер», – деді  ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қанат Айтбаев.

Форум аясында Президент жарлығымен бекітілген 50-ге жуық адамға «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Айта кетсек, бұл марапатты бұған дейін мемлекет тарапынан еленбей келген сала қызметкерлері алды.

«Бізді ғана емес, бүкіл мәдениет қайраткерлері, мәдениет, өнер, рухани салада істеп жүрген мыңдаған шығармашылық адамына берілген баға деп білемін», – деді жазушы, қоғам қайраткері Нағашыбек Қапалбекұлы.

Бірқатар мәселені талқыға салған министр Дәурен Абаев 5 маусымда өтетін референдумның да маңызына тоқталды.


Оразай Нұртай, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров