Димаш Құдайберген Минскіде жеке концертін береді

23.11.2019 в 16:37

Димаш Stories-те 4 сәуірде Беларусь астанасы Минск қаласындағы "Минск Арена" стадионында бірінші жеке концерті өтетінін жазды

Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Минск қаласында жеке концерт береді. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Димаш Stories-те 4 сәуірде Беларусь астанасы Минск қаласындағы "Минск Арена" стадионында бірінші жеке концерті өтетінін жазды.

"Барлығыңызды күтемін", - деп жазды ол.