Димаштың Мәскеудегі жеке кешінің толық видеосы жарияланды

13.05.2019 16:45

Димаш Құдайбергеннің Кремльде өткен концертінің толық видеосы желіде жарияланды

Димаштың концерті 22 наурызда Мәскеудің Кремль сарайында өткен болатын. Ресей астанасына әншінің 56 еліден тыңдармандары келді.

Димаш әр тілдерде танымал туындыларды орындап, қазақ тілінде ән шырқағанда залда Қазақстанның туы желбіреп тұрды. Ал «Елім менің» әнін орындаған кезде жүрек пішінді шарларды ұшырды.

Айта кетейік, Димаштың келесі жеке концерті 29 маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді.