«Ұлымның әкесіне емес, басқа адамға тұрмысқа шығамын»: Байзақова құпиясын ашты (видео)

29.05.2019 16:54

Әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие Айжан Байзақованың тұрмысқа шығып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Ұлының әкесімен шаңырақ көтеріп жатыр деп қалған жұрт Байзақованы жарыса құттықтап жатты. Алайда, күні кеше блогер өзінің инстаграм парақшасында елді елең еткізетін мәлімдеме жасады.

«Достар, мен осы уақытқа дейін үндемей келдім, себебі ештеңе айтқым келген жоқ. Алайда, сіздер соңғы кезде бәріңіз жабыла баламның әкесін құттықтай бастапсыздар. Ендеше тыңдаңыздар, мен ұлымның әкесіне емес, басқа азаматқа тұрмысқа шығамын. Өтініш, менің болашақ күйеуіме тиіспеңіздерші», - деген бейнежазба жүктеді Байзақова.