Төреғали Төреәлі 16 жасқа толған қарындасына әппақ Toyota көлігін сыйлады

22.02.2019 17:01

Ата-анасының кенжесіне жасаған сыйды Төреғали Instagram-дағы парақшасында көрсетті

Төреғали Төреәлі кіші қарындасының туған күніне қымбат сый жасады. Әнші 16 жасқа қадам басқан Динаға әппақ Toyota көлігін сыйға тартты.

Ата-анасының кенжесіне жасаған сыйды Төреғали Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Сондай-ақ, ол қарындасына өлең жолдарын арнады:

«Жалған өмір ұсынса да тақты жүз,

Бауырлар деп бағалаймыз бақты біз.

Өр кеудемнің ең бір нәзік бөлшегі

Қуанышың құтты болсын, тәтті қыз!».

Иә, ағасы бардың жағасы бар. Желі қолданушылары қарындасын аялап, оған сый көрсеткен Төрешке риза болды. Көпшілігі Динаны туған күнімен құттықтауға асықты. Алайда, кәмелеттік жасқа толмаған қызға көлік сыйлағанын түсінбей, әншіні сынға алғандар да табылды.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлі – бір үйдің тұңғышы. Оның соңынан ерген Фариза, Дина есімді қос қарындасы бар.