Қазақстан режиссерлері шетелдік әріптестерімен бірігіп үш фильм түсіреді

16.04.2021 17:23

Олар: «Спасение в степи» (Қазақстан – Испания), «Өліара» (Қазақстан – Венгрия), «Көкбозат» (Қазақстан – Ресей)

pvsm.ru

Қазақстандық кинематографтар шетелдік әріптестерімен бірлескен 3 жобаны қолға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді.

 «Шетелдік және халықаралық кинокомпаниялар біздің еліміздің кино нарығына қызығушылық танытуда. Бұл ретте, қазіргі таңда «Спасение в степи» (Қазақстан – Испания), «Өліара» (Қазақстан – Венгрия), «Көкбозат» (Қазақстан – Ресей) бірлесіп шығарылатын киножобалар өндірісте екенін атап өтеміз.  Айта кету керек, бұл мемлекет тарапынан қаржылық қолдауға үмітті болған көптеген бірлескен өндіріс киножобаларының ішіндегі ең үздіктері болып табылады», – деп жазылған вице-министрдің жауабында.